Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Информация

"Тоқмансай негізгі мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің құрамы                    

Аты-жөні

Жұмыс орны

Қызметі

Қамқоршылық кеңестегі қызметі

Алдашев Роман Жауғашарұлы

«Рома» ЖК

Жеке кәсіпкер

Кеңес төрағасы

Сарыжданова Шамшырақ

Тоқмансай ауылдық округі

Ауыл округінің бас маманы

Кеңес мүшесі 

Тажиев Дархан Фархатұлы

Тоқмансай ауылы

Учаскелік инспектор

Кеңес мүшесі

Курманалина Несібелі

Зейнеткер

«Әйелдер» қауымдастығының төрайымы

Кеңес мүшесі

Нұрмагамбетова Гүлдариға Серікбайқызы

Үй шаруасында

Ата-аналар комитетінің төрайымы

Кеңес мүшесі

Айжарикова Назипа Байзаққызы

Зейнеткер

«Ардагерлер» кеңесінің мүшесі

Кеңес мүшесі

Жамиев Жастилек

Ераділұлы

Тоқмансай ауылдық округі

Ауыл округінің бас маманы

Кеңес мүшесі

Ақбергенов Сәлімжан Ғазизұлы

«Жер Ана» шаруа қожалығы

Жеке кәсіпкер

Кеңес мүшесі

Көптілеу Жандаулет Нұрдаулетұлы

«Даулет» ЖК

Жеке кәсіпкер

Кеңес мүшесі






2018 ж.  17.02. күні қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Отырыста мектептің күнделікті қызметімен танысып,  мектепті дамыту үшін қайырымдылық  көмек көрсету мақсатында демеушілерді, мектеп түлектерін тарту мәселелері  қаралды.

      Биылғы оқу жылында қамқоршылық кеңестің демеушілігімен Ақтөбе облысына «Үкілім-ай» Халықаралық өнер байқауына 2 оқушымыз қатысып, олардың костюмдері мен жол жүруіне кеткен 10 000 (он мың) теңге және технология пәнінің мұғалімі Б.Б.Абдуллинаның бисермен жұмысқа материалдық көмек ретінде 5000 (бес мың) теңге қаражат берілді. Жазғы шатырлы лагерьге оқушыларды апарып-әкелуге ауылымыздың кәсіпкері Ә.Қ.Жарбусиновтың демеушілігімен 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Қамқоршылықтағы баланың тұрғын үй жинақ шотына ақша аудару 20600 (жиырма мың алты жүз) теңге,  "Түркістанға саяхат " 1 оқушы  12 000(он екі мың) теңге.  Қамқоршылық кеңестің  ұйымдастыруымен мектебіміздің  мматериалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында ауылымыздың тұрғындары Нурмагамбетов Б.М. 30 000 (отыз мың) теңге, Айжарикова Н.Б. 50 000 (елу мың) теңге демеушіліктерімен диодты  лампа орнатылды. Сенсорлы үйшік дайындауға қамқоршылық кеңес және мектеп ұжымының демеушілігімен 40 000 (қырық мың) теңге. Жалпы Қамқоршылық кеңес көмегімен 187 000 (жүз сексен  жеті мың) теңге қаражат мақсатты жұмсалды

 

Қамқоршылық кеңес отырысының өткізілуі туралы ақпарат

Білім беру ұйымдарының атауы

Кеңесте қатысқан қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны

Интернет-ресурстарда орналастырылуы

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы

1

«Тоқмансай негізгі мектебі» КММ

9

http://tokmansayos.mektep.info/

instagram

-

2

«Тоқмансай орта мектебі»КММ

-

-

3

«Айналайын» балабақшасы

-

-





Қамқоршылық кеңес отырысының

№ 3 хаттамасы

Тоқмансай ауылы                                                                                                    26.01.2019

Төрағалық етуші:   Алдашев Р.Ж.

Мәжіліс хатшысы:    Тлеубаева А.К.

Қатысты:

1.Директор: Тоқмансай негізгі мектебі, Тулепова Г.К.

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.К.Тлеубаева

3. Қамқоршылық кеңес мүшелері:

Қатыспағандар: жоқ

Шақыртылды: сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі   Есенова Г.С

Күн тәртібі:

1.      Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары.

2.      «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау.

3.      Бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындауда қамқоршылық кеңестің рөлі.

Тыңдалды:

   1. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Р.Алдашев бірінші сұрақ бойынша қылмысқа барған жасөспірімдердің, оған барудың себептерін түсіндірді. Бірінші орында отбасы тәрбиесі тұрғанын тілге тірек етіп баланы күнделікті тұрмыс-тіршілікке бейімдеу, отбасы мүшелері арасындағы сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ілтипат, бала бойындағы жақсы қасиеттерді аша білу сияқты отбасындағы ерекшеліктер жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшін өте маңызды екенін түсіндірді. Соңғы кезде желіде тарап кеткен ер балалар арасындағы құқықбұзушылықтардың видеоларын көрсетті.

Сөз сөйледі:

1. Қамқоршылық кеңестің мүшесі үй шаруасындағы Н.Курманалина бұзақылықтың басы- баланың бос жүруінен басталады деп, ауылдағы балаларымыздың тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтынын және ұрпақ тәрбиесін ойлаған Домалақ ана, Қарашаш ана, Зере секілді көптеген аналарымыз бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп, еліне тұтқа боларлық ұл-қыз өсіріп, тарих қойнауынан ойып тұрып орын алған абыздар сияқты өзіміз де балаларымыздың болашағын ойлап, тәрбиесіне мән беру керектігін айтты.

2. Отырысқа қатысқан мектеп директоры Г.К.Тулепова бұзық жолға жол сілтейтіндерден қорғаштап, қамқоршылық көрсетіп, мектеп-жанұя-қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанда ғана ұрпағымыз саналы, тәрбиелі болады деп, қоғамдағы келеңсіздікке көз жұма қарамау мақсатында мектепке тәлім-тәрбие жұмыстары үнемі жүріп жатқанын слайд арқылы көрсетіп, таныстырды.

2. Екінші сұрақ бойынша кеңес мүшелерін мектеп директоры Г.К.Тулепова «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасымен таныстырды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы өзекті мәселелердің бірі- білім беру ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктерін, педагогикалық және ғылыми жұмыстарын жүзеге асыру және мұғалім мәртебесін көтеру.

«Педагог мәртебесі туралы» заңының қабылданатынын педагог қауымы қуанышпен қарсы алды және бұл заңнан үлкен үміт күтеді. Мұғалім мәртебесі-қоғамның, жұртшылықтың мұғалімдерге деген көзқарасы, ілтипаты, пікірі . Сонымен қатар мұғалім мәртебесі Үкіметтің мұғалімге жасап жатқан әлеуметтік, моральдық, материалдық жағдайын жақсарту бағытындағы қамқорлығы арқылы қалыптасады.Егер мұғалім жан-жақты қамтылған болса, қоғамның да, жұртшылықтың да көзқарасы өзгереді, яғни мәртебесі артады» деп алты тараудан тұратын заң жобасын қысқаша түсіндіріп шықты.

1.   Екінші сұрақ бойынша сөз алған зейнеткер Н.Айжарикова мұғалімдердің жауапкершілігі жоғары, қоғамда үлкен салмағы бар жұмыс екенін білемін дей келе қазіргі оқытудың басты талаптарын игеру де оңай емес, сондықтан аталған заң жобасы қайта-қайта қаралып, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы жақсарып, еңбекақылары өсіп, тұрмысы түзелсе болашақ ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етеді деп ойлайтынын жеткізді.

3. Үшінші сұрақ бойынша кеңес мүшесі ауылдық округтің бас маманы Ж.Жамиевтің сөзі тыңдалды.

«Биылдан бастап мектеп директорларын сайлау бастамасы көтеріліп жатыр. Бұл да дұрыс. Мұғалімнің жағдайын ойлайтын мектеп директорын сол мұғалімдер сайлағаны да дұрыс шығар. Ал қамқоршылық кеңестің бұл жердегі дауысы салмақты болады, өйткені басты қызметіміз қоғамдық бақылау ғана емес, сонымен бірге білім беру   процесін қолдау, білім беру ұйымын дамыту, реформалар барысына белсене қатысу. Сондықтан шын ынтасымен, жүрек қалауымен мұғалім болған адамға ғана беделді болады. Өйткені ол мамандығын сүйеді, қиыншылықтарды жеңе біледі, ізденеді, өз беделін жинайды.Осындай қасиеттері бар мұғалім жақсы басшы болады деп ойлаймын» деп өз пікірін білдірді.

Қаулы:

1.      Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары әлі де өз жалғасын тапсын.

2.      «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының іске асырылуын қолдаймыз.

3.   Бос орынға басшы тағайындауға қамқоршылық кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіру      

      қарастырылсын.

                        Қамқоршылық кеңес төрағасы:       Алдашев Р.Ж.            ___________

                             Хатшы:                                        А.К.Тлеубаева         ___________

                    













Қамқоршылық кеңес отырысының

№ 4 хаттамасы

Тоқмансай ауылы                                                                                                    17.05.2019

Төрағалық етуші:   Алдашев Р.Ж.

Мәжіліс хатшысы:    Тлеубаева А.К.

Қатысты:

1.Директор: Тоқмансай негізгі мектебі, Тулепова Г.К.

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.К.Тлеубаева

3. Қамқоршылық кеңес мүшелері: 9

Қатыспағандар: 2

Шақыртылды: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Нурмагамбетова

Күн тәртібі:

1.      Білім алушылардың ішкі тәртіп ережесінің сақталуы.

2.      Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы.

3.      Білім беру басшысының есебі.

Тыңдалды:

   1. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Р.Алдашев бірінші сұрақ бойынша сөз алды. Білім   ордасында Ішкі тәртіп ережесі сақталынады. Оқушыларға үнемі әр дүйсенбі сайын мектеп басшылары мен кезекшілер ішкі тәртіп ережелерін, мектеп формасының сақталуын қадағалап отырады. Білім беру ұйымында діни нанымда екенін ерекшелеп көрсетіп тұратын киім киюге тыйым салынады және білім беру ұйымдарына алып кіруге тийым салынған заттар (суық қару, телефон, электрошокты құрылғылар т.с.с.) және қадалғыш, кескіш, өткір заттар қолдануға тыйым салынатындығы жөнінде ішкі тәртіп ережелеріне енгізілгендігін хабардар етті.

Сөз сөйледі:

2. Екінші сұрақ бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Нурмагамбетова сөз алды. Мектебімізде қосымша біліммен оқушылар толық қанды қамтылды. Атап айтар болсақ «Нұр шашу» би үйірмесі, «Еркін күрес» спорт үйірмесі, «Поэзия әлемінде» үйірмесі жұмыс жасауда. Сонымен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін спорт залында валейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, шашка ойындары ойнатылады. 9-класс оқушылары емтиханға, қосымша сабақтарға белгіленген кесте бойынша шақырылып, дайындық жұмыстары да жүргізіліп отырды. Түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар болып отырады.

3. Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ болйынша мектеп директоры Г.К.Тулепова сөз алды: 2018-2019 оқу жылы мектебіміз үшін табысты жыл болып отыр. Мектеп оқушылары аудандық, облыстық, республикалық түрлі байқаулардан, олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып мектеп мәртебесін көтеріп келеді.Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі бірінші орында тұрады. Сондай-ақ оқушылардың білімі, тәрітібі жақсы. Оқушылар түрлі байқауларға, спорттық шараларға үнемі қатысып келеді. Мектебімізде кезекшілік үнемі ұйымдастырылып отырады. Тәртіп сақшылар жасағымен түнгі рейд жүргізіледі. Мектеп оқушылары көшеде жүру тәртібін біледі.

Қаулы:

1.        Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жандандырылсын.

2.      Қосымша білім беру жұмысы жақсы деп бағалансын.

3.        2018-2019 оқу жылындағы атқарылған оқу-тәрбие жұмыстары жақсы деп   бағалансын.

                       Қамқоршылық кеңес төрағасы:           Алдашев Р.Ж.            ___________

                       Хатшы:                                                      А.К.Тлеубаева           ___________

                    

















Мектеп туралы:
 

        Мекеменің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тоқмансай ауылы. Жалпыға бірдей білім беретін Тоқмансай негізі мектебінің ғимараты бейімделген ғимаратта орналасқан. 24 ақпан 2005 жылы Алға ауданының Әділет басқармасы бастығымен берген «Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы» «Тоқмансай негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі болып құрылған.

   Ғимараттың құрылыс ауданы - 428,6 ш.метр, ғимараттың ауқымы -1371. Жалпы алаңы – 328,5 ш.метр.

Мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектептің ішкі есік, терезелері ішінара  ауыстырылып, ішкі, сыртқы жарлары сыланып, боялған. Мектеп ғимаратының ауласы қоршалған. Жылу жүйесі автономды  газ қазандығы .

Оқыту, тәрбиелеу тілі- қазақ тілі.

Мектеп кітапханасында 3119 кітап қоры бар. 10 орындыққа арналған, бейімделген бөлмеде  асхана жұмыс жасайды. Мектепте қалаға шығатын 1 телефон жүйесі іске қосылған. Интернет бар.(бір желіден)

Олимпиада жетістіктері:

2016-2017 оқу жылында аудандық олимпиадаға 6 оқушы қатысып,  оның ішінде   география пәнінен  8 сынып оқушысы Дауылбай Асылзат  І - орынды иеленді.Пән мұғалімі  М.М.Жарбусинованың жетекшілігімен

Оқушылардың жетістіктері:

  • "Ақ бота" республикалық  инттеллектуалдық ойынына 11 оқушы қатысып,4-сынып оқушысы Абжетова Альмира 3 орынға  ие болды.
  • "Русский медвежонок - языкознание для всех"  атты халықаралық  байқауына  5 оқушы қатысып, 4 -класс оқушысы Жақсылық Ерасыл 2 орын, 6 класс оқушысы Қонарбекова Күмісай, 2- орындарды, Сатуева Ақзер 3-орынды  иеленді
  • 2016 - 2017 оқу жылында КҒА Батыс Қазақстан бөлімінде ХХІ - ші Облыстық ғылыми - тәжірибелік конференциясына мектебіміздің 3 оқушысы қатысып, орыс әдебиеті пәнінен жүлделі 1 орынға 8 класс оқушысы Даулбай Асылзат, технология пәнінен 7 класс оқушылары Сағынай Нуршат пен Сатуева Ақзер 3 орынды иеленді
  • ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған  "Балалар-ғарышқа"  балалар мен жасөспірімдердің облыстық III шығармашылық ашық байқауына қатысып II дәрежелі дипломға Абжетова Мереке  ие болды.

  •  
  •  

Спорттық  жетістіктер:

*Ақтөбе облысында өткен облыстық чемпионаттан  9 сынып оқушысы Калмагамбетов Даулет  ІІІ  - орынға ие болды.

*  "Құтты мекен -Ақтөбе" акциясы аясында еркін күрестен 2002-2003ж.т. жасөспірімдер арасында Алға БЖСМ-нің біріншілігінде 76 кг. салмақ дәрежесінде жүлделі I-ші орынды иеленді. Келдібай Мұрат марапатталады.

" Құтты мекен -Ақтөбе" акциясы аясында еркін күрестен 2002-2003ж.т.жасөспірімдер арасында  Алға БЖСМ-нің біріншілігінде 69 кг. салмақ дәрежесінде жүлделі I-ші орынды иеленген Айжанов Санжар марапатталады.

ЕРКІН КҮРЕСТЕН "ЭКСПО-2017" халықаралық  көрмесі аясында және  Әйтеке би атындағы жүлде үшін 2002-2003ж.т. жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирде 69 кг. салмақ дәрежесінде  үшінші  орынды жеңіп алған Айжанов Санжар марапатталады.


Мәдени жетістіктер:

* Республикалық "ЭКСПО-2017" атты өнер байқауында көркемсурет наминациясы бойынша 4 сынып оқушысы Құдайберген Темірлан  ІІІ - орынға ие болды
* "Ұлттық қолөнер - бабалар мұрасы "  Республикалық интернет- байқауының жүлдегері Темірзақова Жасмин марапатталады.

"Туған жердің келешегі-өз қолымда" атты "ЭКСПО-2017" аудандық ғылыми жоба көрме байқауында танымдық қызығушылығын көрсеткені үшін  Қамза Жанайым  Алғыс хатпен марапатталады.


                                             Хаттама № 1

                                                                                                        13.12.2019ж

Күн тәртібінде:

1.      2019-2020 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру

2.      Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы

3.       Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыруға көмектесу.

 

Қатысқандар: мектеп директоры  Г.К.Тулепова
9 қамқоршылық кеңес мүшелері

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы  Р.Ж.Алдашев сөз алды:

- Күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша  Қамқоршылық кеңесінің төрағасы  Р.Ж.Алдашев Қамқоршылық кеңес мүшелері 9 адамнан құралады деп, оларды атап өттіСондай – ақ Қамқоршылық кеңесінің  жылдық жоспарымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңес міндетінің бірі – мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады.  Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің қызмет тиімділігі– бұл бюджеттен тыс қаржыны тартудың тиімді, заңдылықты сауатты инструменті ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі, - деп сөзін аяқтады. 

- Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, әлеуметтік педагог  Коржинбаева .К сөзінде:
 Мектебімізде «Мектепке жол»   жалпыреспубликалық  қайырымдылық акциясының  жоспары  құрылып, бекітілді. «Мектепке жол»   акциясының  басталуы туралы хабарландырулар ілініп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мектебіміз бойнша 8  отбасы  АӘК алады. Осы аталған отбасының екеуі  көпбалалы отбасына жатады.  Көп балалы отбасынан  шыққан  мектеп жасындағы барлық оқушылар оқулықпен, мектеп құралдарымен, киіммен қамтамасыз етілген. Көп балалы отбасынан шыққан 1 сынып оқушысы Жәдігер Мансурға «Ауылым» кофесінің иесі Акбергенов Сәлімжан құны 3000 (үш мың ) тг. тұратын спорттық аяқ киім мен 2000(екі мың)тг. спорттық шалбар сыйлады.
«Мектепке жол» акциясы бойынша шілде айынан бастап 33000 тг спонарлық көмек түсті.Қамқоршылықтағы Темирзакова Жасминнің құрылыс жинақ есебіне 56000 тг  салынды.

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі  Н.Б.Айжарикова сөз алды:

Жаңа жылдық мерекесін ұйымдастыруға көмектесу мақсатында демеушілер тарапынан мектепке жаңа шырша,ойыншықтар  алу қажет. «Мұрагер» шаруашылық қожалығына, «Жер  ана»шаруашылық қожалығына хат жазып, демеушілікке тарту қажеттілін айтып өтті. -«Биылғы


Шешімі:

1.Қамқоршылық кеңес жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіліп, жандандырылсын 2.«Мектепке жол»  акциясы қарсаңында аз қамтылған, жартылай жетім және көпбалалы отбасынан шыққа оқушыларға көмек көрсету үшін демеушілермен жақын қарым – қатынас орнатылсын;
3.Мектепті жаңа жылдық шыршамен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер іздеу кеңес мүшелеріне жүктелсін.

  Қамқоршылық кеңес төрағасы: Алдашев Р.Ж___________                        

           Хатшы:       У.А.Муханова         ___________
           Мүшелері: Сарыжданова Шамшырақ __________
                         Тажиев Дархан Фархатұлы ___________
                          Курманалина Несібелі       ___________
                          Нұрмагамбетова Гүлдариға__________
                          Айжарикова Назипа  _______________
                           Жамиев Жастилек _______________
                           Ақбергенов Сәлімжан______________
                            Көптілеу Жандаулет _______________